О внесении изменений в постановление акимата от 28 января 2008 года № 26 «О корректировании цен на 2008 год, представленных органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до восемнадцати лет» Қолданыста
Басқа 0
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдарымен ұсынған 2008 жылға арналған бағаларды түзету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген, балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдарымен ұсынған 2008 жылға арналған бағаларды түзету туралы» («Федоровские новости» газетінде 2008 жылғы 28 ақпанда жарияланған № 9, нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 9-20-69 нөмірмен тіркелген) әкімдіктің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгерістер енгізілсін, 1-тармағындағы «30 % ға» деген сөз 80 % ға» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.