О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 28 января 2008 года № 45/1 «О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы «Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2008 жылға арналған қосымша шаралар туралы» № 45/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5,7,18-1 баптарына сәйкес және халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы «Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қоргау бойынша 2008 жылға арналған қосымша шаралар туралы» (2008 жылғы 20 ақпандағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 123-137 болып тіркелген және 2008 жылғы 20 наурыздағы № 12 «Вести Экибастуза» және «Отарқа» газеттерінде жарияланған) № 45/1 қаулысына (бұдан әрі-Қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қаулының 1-тармақ 1-тармақшасындағы «соның ішінде бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарын аяқтаған және жұмыс өтілі жоқ түлғалар» сөздері алынып тасталсын;
Тармақ 1
1-тармақ келесі мазмұндағы: «бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарын аяқтаған және жұмыс өтілі жоқ тұлғалар» 7-тармақшамен толықтырылсын;
2-тармақта «жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі аралықтағы жастар, әрі соның ішінде» сөздері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы каулының орындалуын бақылау кала әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.