О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июля 2009 года № 237-п «Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение государственной адресной социальной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды: 1) атаулы әлеуметтік көмек; 2) тұрғын үй көмегі; 3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы; 4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; 5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; 6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; 7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; 8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар; 9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (училищелер, колледждер) студенттеріне төленетін стипендия, оның ішінде мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия; 10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек; 11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар; 12) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан білім алушыларға студенттерге көрсетілетін материалдық көмек; 13) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек; 14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек; 15) қайырымдылық көмек; 16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу; 17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау; 18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны; 19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек: дәрілік препараттар; санаторлық-курорттық емдеу; протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу); мүгедектігі бар адамдарға бөлінген арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге берілетін материалдық көмек; табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмек; 20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы төлемдер; 21) Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем; 22) «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу; 23) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы; 24) төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома; 25) төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер; 26) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26793 болып тіркелген) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері.»; көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 398 бұйрығына қосымша Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына 1-қосымша Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі Об­лы­сы, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, аста­на Ауда­ны, қа­ла­сы 1 2 1. Да­ла ай­ма­ғы Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 1. Ай­ыр­тау ауда­ны 2. Ақ­жар ауда­ны 3. Мағ­жан Жұ­ма­ба­ев ауда­ны 4. Есіл ауда­ны 5. Жам­был ауда­ны 6. Қы­зы­л­жар ауда­ны 7. Мам­лют ауда­ны 8. Шал ақын ауда­ны 9. Ақ­қай­ың ауда­ны 10. Тай­ын­ша ауда­ны 11. Ти­ми­ря­зев ауда­ны 12. Уә­ли­ха­нов ауда­ны 13. Ға­бит Мү­сі­ре­пов ауда­ны 14. Пет­ро­павл қа­ла­сы Ақ­мо­ла об­лы­сы 1. Бір­жан сал ауда­ны 2. Зе­рен­ді ауда­ны 3. Бу­ра­бай ауда­ны 4. Сан­дық­тау ауда­ны 5. Бұ­лан­ды ауда­ны 6. Ақ­көл ауда­ны 7. Ерей­мен­тау ауда­ны 8. Жақ­сы ауда­ны 9. Көк­ше­тау қа­ла­сы 10. Степ­но­гор қа­ла­сы Қо­ста­най об­лы­сы 1. Қа­ра­ба­лық ауда­ны 2. Фе­до­ров ауда­ны 3. Мең­ді­қа­ра ауда­ны 4. Ұзын­көл ауда­ны 5. Де­ни­сов ауда­ны 6. Әу­лие­көл ауда­ны 7. Қа­ра­су ауда­ны 8. Ал­тын­са­рин ауда­ны 9. Са­ры­көл ауда­ны 10. Қо­ста­най ауда­ны 11. Бей­ім­бет Май­лин ауда­ны 12. Қо­ста­най қа­ла­сы 13. Руд­ный қа­ла­сы Пав­ло­дар об­лы­сы 1. Ер­тіс ауда­ны 2. Же­ле­зин ауда­ны 3. Те­рең­көл ауда­ны 2. Қу­аң да­ла ай­ма­ғы Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 1. Ақ­жай­ық ауда­ны 2. Тас­қа­ла ауда­ны 3. Бәй­те­рек ауда­ны 4. Те­ректі ауда­ны 5. Бө­рі­лі ауда­ны 6. Шың­ғыр­лау ауда­ны 7. Орал қа­ла­сы Ақ­тө­бе об­лы­сы 1. Қоб­да ауда­ны 2. Мәр­төк ауда­ны 3. Әй­те­ке би ауда­ны 4. Қар­ға­лы ауда­ны 5. Ал­ға ауда­ны 6. Ақ­тө­бе қа­ла­сы Қо­ста­най об­лы­сы 1. Қа­мысты ауда­ны 2. На­уры­зым ауда­ны 3. Жі­ті­қа­ра ауда­ны 4. Ли­са­ковск қа­ла­сы Ақ­мо­ла об­лы­сы 1. Есіл ауда­ны 2. Ат­ба­сар ауда­ны 3. Қор­ғал­жын ауда­ны 4. Шор­тан­ды ауда­ны 5. Це­ли­но­град ауда­ны 6. Аст­ра­хан ауда­ны 7. Ар­ша­лы ауда­ны 8. Егін­ді­көл ауда­ны 9. Жар­қай­ың ауда­ны Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы 1. Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 1. Нұ­ра ауда­ны 2. Қар­қа­ра­лы ауда­ны 3. Оса­ка­ров ауда­ны 4. Абай ауда­ны 5. Бұ­қар жы­рау ауда­ны 6. Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы 7. Са­рань қа­ла­сы 8. Шах­тинск қа­ла­сы 9. Те­мір­тау қа­ла­сы Пав­ло­дар об­лы­сы 1. Ақ­то­ғай ауда­ны 2. Ба­я­на­уыл ауда­ны 3. Ақ­қу­лы ауда­ны 4. Май ауда­ны 5. Пав­ло­дар ауда­ны 6. Успен ауда­ны 7. Шар­бақ­ты ауда­ны 8. Пав­ло­дар қа­ла­сы 9. Ақ­су қа­ла­сы 10. Екі­ба­стұз қа­ла­сы Абай об­лы­сы 1. Бес­қа­ра­ғай ауда­ны 2. Бо­ро­ду­ли­ха ауда­ны 3. Көк­пек­ті ауда­ны Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 1. Ал­тай ауда­ны 3. Шө­лейт­ті ай­мақ Ал­ма­ты об­лы­сы 1. Қо­на­ев қа­ла­сы Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 1. Бө­көй­ор­да­сы ауда­ны 2. Жа­ңа­қа­ла ауда­ны 3. Жәні­бек ауда­ны 4. Қазта­лов ауда­ны 5. Қа­ра­т­ө­бе ауда­ны 6. Сы­рым ауда­ны Қо­ста­най об­лы­сы 1. Аман­гел­ді ауда­ны 2. Жан­гел­ді ауда­ны 3. Ар­қа­лық қа­ла­сы Ақ­тө­бе об­лы­сы 1. Ой­ыл ауда­ны 2. Те­мір ауда­ны 3. Ыр­ғыз ауда­ны 4. Хром­тау ауда­ны 5. Мұ­ғал­жар ауда­ны Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 1. Шет ауда­ны 2. Ақ­то­ғай ауда­ны 3. Бал­қаш қа­ла­сы 4. При­озерск қа­ла­сы Ұлы­тау об­лы­сы 1. Жа­ңа­ар­қа ауда­ны 2. Ұлы­тау ауда­ны 3. Жез­қаз­ған қа­ла­сы 4. Қа­ра­жал қа­ла­сы 5. Сәт­ба­ев қа­ла­сы Абай об­лы­сы 1. Абай ауда­ны 2. Ая­гөз ауда­ны 3. Жар­ма ауда­ны 4. Се­мей қа­ла­сы 5. Кур­ча­тов қа­ла­сы 4. Шөл­ді ай­мақ Аты­рау об­лы­сы 1. Жы­лыой ауда­ны 2. Ин­дер ауда­ны 3. Ис­а­тай ауда­ны 4. Құр­ман­ға­зы ауда­ны 5. Қы­зыл­қо­ға ауда­ны 6. Ма­қат ауда­ны 7. Ма­хам­бет ауда­ны 8. Аты­рау қа­ла­сы Қы­зы­лор­да об­лы­сы 1. Арал ауда­ны 2. Жа­ла­ғаш ауда­ны 3. Жа­ңа­қор­ған ауда­ны 4. Қа­за­лы ауда­ны 5. Қар­мақ­шы ауда­ны 6. Сыр­да­рия ауда­ны 7. Ши­е­лі ауда­ны 8. Қы­зы­лор­да қа­ла­сы Ақ­тө­бе об­лы­сы 1. Бай­ға­нин ауда­ны 2. Шал­қар ауда­ны Маң­ғы­стау об­лы­сы 1. Бей­неу ауда­ны 2. Қа­ра­қия ауда­ны 3. Маң­ғы­стау ауда­ны 4. Түп­қа­ра­ған ауда­ны 5. Мұ­най­лы ауда­ны 6. Ақ­тау қа­ла­сы 7. Жа­ңа­ө­зен қа­ла­сы Түр­кі­стан об­лы­сы 1. Со­зақ ауда­ны 2. Оты­рар ауда­ны Жам­был об­лы­сы 1. Са­ры­су ауда­ны 2. Та­лас ауда­ны 3. Тұ­рар Рыс­құ­лов ауда­ны Ал­ма­ты об­лы­сы 1. Бал­қаш ауда­ны 5. Тау eтe­гі-шөл­ді-да­ла­лық ай­мақ Ал­ма­ты об­лы­сы 1. Ең­бек­ші­қа­зақ ауда­ны 2. Жам­был ауда­ны 3. Ке­ген ауда­ны 4. Қа­ра­сай ауда­ны 5. Рай­ым­бек ауда­ны 6. Тал­ғар ауда­ны 7. Ұй­ғыр ауда­ны 8. Іле ауда­ны Же­ті­су об­лы­сы 1. Ақ­су ауда­ны 2. Ала­көл ауда­ны 3. Кер­бұ­лақ ауда­ны 4. Көк­су ауда­ны 5. Қа­ра­тал ауда­ны 6. Пан­фи­лов ауда­ны 7. Сар­қанд ауда­ны 8. Ес­кел­ді ауда­ны 9. Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы 10. Те­ке­лі қа­ла­сы Ал­ма­ты қа­ла­сы 1. Ал­ма­ты қа­ла­сы Жам­был об­лы­сы 1. Бай­зақ ауда­ны 2. Жам­был ауда­ны 3. Жу­а­лы ауда­ны 4. Қор­дай ауда­ны 5. Мер­ке ауда­ны 6. Мой­ын­құм ауда­ны 7. Шу ауда­ны 8. Та­раз қа­ла­сы Түр­кі­стан об­лы­сы 1. Арыс ауда­ны 2. Бәй­ді­бек ауда­ны 3. Же­ті­сай ауда­ны 4. Ке­лес ауда­ны 5. Қазығ­ұрт ауда­ны 6. Мақ­та­арал ауда­ны 7. Ор­даб­а­сы ауда­ны 8. Сай­рам ауда­ны 9. Са­рыа­ғаш ауда­ны 10. Са­у­ран ауда­ны 11. Тө­ле­би ауда­ны 12. Түл­кі­бас ауда­ны 13. Шар­да­ра ауда­ны 14. Кен­тай қа­ла­сы 15. Түр­кі­стан қа­ла­сы Абай об­лы­сы 1. Үр­жар ауда­ны Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 1. Зай­сан ауда­ны Шым­кент қа­ла­сы об­лы­сы 1. Шым­кент қа­ла­сы 6. Оң­тү­стік Сі­бір та­у­лы және тау eтe­гі ай­ма­ғы Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 1. Глу­бо­кое ауда­ны 2. Ка­тон­қа­ра­ғай ауда­ны 3. Ше­мо­наи­ха ауда­ны 4. Тар­ба­ға­тай ауда­ны 5. Күр­шім ауда­ны 6. Ұлан ауда­ны 7. Өс­ке­мен қа­ла­сы 8. Рид­дер қа­ла­сы Абай об­лы­сы 1. Ақ­су­ат ауда­ны