О внесении дополнения и изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июля 2009 года № 237-п "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение государственной адресной социальной помощи" Күшін жойған
Басқа 0
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына толықтыру мен өзгерту енгізу туралы
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, «Заң газеті» 11.09.2009 ж., «Юридическая газета» 11.09.2009 ж. № 138 жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгерту енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесiнде:
9-тармақтағы «көрсетілген көмек;» деген сөздерден кейін ««Бота» Қоғамдық қорынан берілетін шарттастырылған ақшалай жәрдемақы;» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақтың екінші абзацындағы «түзете алады» деген сөздер «түзетеді» деген сөзбен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк көмек департаментi (Манабаева Қ.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі Ә. Нүсіповаға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Қүрішбаев
2010 жылғы 30 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Статистика агентігінің төрағасы
________________ А. Смаилов
2010 жылғы 27 желтоқсан