О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июля 2009 года № 237-п "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение государственной адресной социальной помощи" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның(отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5757 болып тіркелді, 2009 жылғы 11 қыркүйекте, № 138 (1561) «Заң газеті» газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Отбасының жиынтық табысына осы Қағиданың 2-тарауына сәйкес ақшалай немесе заттай нысанда алған тұрғын үй және мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде берілетін ынталандырушы төлемдерден басқа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi – есептi кезең) табысының барлық түрлерi қосылады. Ынталандырушы төлемдер – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғаларға төленетін ақшалай қаражат (стипендиялар; оқу орнына дейін және кері жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалға алумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге субсидиялар; бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалар жалақысының бөлігі; көшуге берілетін субсидиялар). Уәкілетті орган өтініш берушінің келісімімен табыстарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқорымен салыстырып тексереді.».
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту департаменттері осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә.Ахметовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.