О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2009 года № 66 "Об утверждении перечня разрешенных финансовых инструментов, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шетелдік, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) құймадағы және металл шоттардағы алтын.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.