О внесении изменения в постановление акимата Шетского района от 28 мая 2010 года № 10/03 "Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи Шетского района" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 мамырдағы "Шет ауданының жұмыссыз жастары үшiн дипломнан кейiнгi кәсiби тәжірибені ұйымдастыру туралы" N 10/03 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес Шет ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 мамырдағы "Шет ауданының жұмыссыз жастары үшiн дипломнан кейiнгi кәсiби тәжірибені ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-17-100 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 шілдедегі N 27 (10.282) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған) N 10/03 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: аталған қаулының 1 тармағы 4) тармақшасындағы "20 000 (жиырма мың)" деген сандар "26 000 (жиырма алты мың)" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.