О внесении изменения в постановление акимата города Экибастуза от 28 апреля 2010 года № 363/4 "О выплате единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2010 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2010 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы" № 363/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 37-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек көрсету мәселесін тиісті орындау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2010 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы" (№ 12-3-265-мен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырдағы № 22 "Отарқа" және 2010 жылғы 27 мамырдағы № 20 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) № 363/4 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін: Қаулының 7-тармағындағы "Ғ.А. Оспанқұлов" сөздері "Н.М. Күлжан" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.