О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2010 года № 487 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 487 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Моторлық бензинді, керосинді және газойлді әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 487 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтағы «2010 жылғы 1 шілдеге» деген сөздер «2010 жылғы 1 қарашаға» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының аумағынан моторлық бензинді, керосинді және газойлді әкетуге тыйым салу мерзімін ұзарту туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.