О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о применении международных договоров в рамках формирования таможенного союза от 28 мая 2010 года Қолданыста
Басқа 0
2010 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербургте жасалған 2010 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2010 жылғы 28 мамырдағы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, 2010 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) өзгерістер енгізу ниетімен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағын қалыптастыру және кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету жөніндегі өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Шарттың 2-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы ережелермен толықтырылсын:
2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері туралы келісім;
2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісім;
2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім;
2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату туралы келісім;
2010 жылғы 18 маусымдағы Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен темір жол жылжымалы құрамын Кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы келісім;
2010 жылғы 18 маусымдағы Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы келісім.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Осы Хаттама Шарттың 8-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енеді, бірақ Шарттың күшіне енуінен бұрын енбейді және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап уақытша қолданылады.
2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде екі түпнұсқа данада жасалды.
2010 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.