О внесении изменений в постановление акимата района от 28 марта 2011 года № 773 "Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 773 "Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 23-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 773 «Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-141 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 29 сәуірде «Мақтаарал» газетінің 19 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: қаулының 2-тармағында: «Бекенов Ералы Сәдуұлы – Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)» деген сөздер «Жайлыбаев Сакен – Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісімі бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын; «Байжанов Бораш – Мырзакент емханасының терапевт дәрігері, медициналық сараптау комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша)» деген сөздер «Мырзалиев Бауыржан – Атакент емханасының оташы дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 14.12.2011 жылғы № 2166 «Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 773 «Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына келісім парағы КЕЛІСІЛДІ: Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары 14 желтоқсан 2011 жыл Жайлыбаев Сәкен Атакент емханасының оташы дәрігері 14 желтоқсан 2011 жыл Мырзалиев Бауыржан