О внесении изменения в постановление акимата от 28 мая 2012 года № 251 "Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Аят в пределах земельных участков товарищества с ограниченной ответственностью "Сулу" в селе Николаевка Асенкритовского сельского округа, в Красносельском сельском округе Тарановского района Костанайской области, режима и особых условий их хозяйственного использования" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 251 «Қостанай облысы Таран ауданының Асенкритов ауылдық округінің Николаев ауылындағы, Красносельск ауылдық округіндегі «Сулу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскелері шегінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше жағдайларын және режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 қаулысы мен Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешіміне сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 251 «Қостанай облысы Таран ауданының Асенкритов ауылдық округінің Николаев ауылындағы, Красносельск ауылдық округіндегі «Сулу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскелері шегінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше жағдайларын және режимін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3808 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 маусымда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: мемлекеттік тілдегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша: «Красносельск» деген сөз «Таран» деген сөзбен ауыстырылсын; орыс тіліндегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша: «Красносельском» деген сөз «Тарановском» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.