О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 361 «Об утверждении Правил оформления документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 508-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының азаматтарына «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге кетуі мемлекеттік құпияларға рұқсатты ресімдеу кезінде еңбек шартында (келісімшартта) көзделген мерзімге уақытша шектелуі мүмкін.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.