О внесении изменения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2013 года № 22/4 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Беловского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области" Күшін жойған
Басқа 0
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Белое ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2013 жылдың 28 қарашасындағы № 22/4 шешіміне өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының маслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Белое ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 қарашасындағы (2014 жылғы 24 қаңтардағы «Солтүстік жұлдызы», «Знамя труда» аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2469 тіркелген) № 22/4 шешіміне келесі өзгерту енгізілсін:
нұсқалған шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
Белое ауылдық
округінің әкімі
2014 жыл 26 маусым
Б. Қасенова
Басқа 3
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 33/10 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашасындағы
№ 22/4 шешіміне 2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Белое ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы туралы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Белое ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Белое ауылдық округінің Чистое ауылының тұрғындарына
18
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Белое ауылдық округінің Коваль ауылының тұрғындарына
3
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Белое ауылдық округінің Щучье ауылының тұрғындарына
11
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Белое ауылдық округінің Белое ауылының тұрғындарына
50
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Белое ауылдық округінің Сливное ауылының тұрғындарына
3