О внесении изменений в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2013 года № 22/9 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Леденевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 22/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 22/9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2473 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; жоғарғыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 20/15 шешіміне 1-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 22/9 шешімімен бекітілді Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округі ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 20/15 шешіміне 2-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 22/9 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің Леденево ауылының тұрғындарына 3 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылдық округінің Новоандреевка ауылының тұрғындарына 2