О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 1255 «Об утверждении натуральных норм питания и материально-бытового обеспечения подозреваемых, обвиняемых, осужденных и детей, находящихся в домах ребенка учреждений уголовно-исполнительной системы, и образцов формы одежды осужденных» Күшін жойған
Басқа 0
«Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
28 қарашадағы № 1255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
жүкті әйелдерді, жанында бірінші және екінші топтағы мүгедек балалары бар әйелдерді тамақтандырудың № 2 заттай нормасында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүкті әйелдерді және жанында балалары бар әйелдерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тамақтандырудың № 2 заттай нормасы»;
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды тамақтандырудың № 5 нормасында:
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
32
Аскорбин қышқылы (бірінші тағамға тікелей тарату алдында қосылады)*
50 мг/адам/күн
»;
қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-алдын алу мекемелерін медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың № 22 заттай нормасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының сегізінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.