О внесении изменения в решение маслихата от 28 февраля 2014 года № 146 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Торгай Джангельдинского района Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 146 «Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 146 «Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4579 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқытық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:
8 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Торғай ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жангелдин ауданының
Торғай ауылының әкімі
_______ Ғ. Сүндетбаев
2017 жылғы 20 сәуір