О внесении изменений в решение маслихата от 28 февраля 2014 года № 147 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Акшыганакского сельского округа Джангельдинского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 147 «Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 147 «Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген мәслихат шешімінің орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтінде сөздер ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінің әкімі ____________________ Е. Едресов 2017 жылғы 20 қазан