О внесении изменения в решение маслихата от 28 февраля 2014 года № 150 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Жаркольского сельского округа Джангельдинского района Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 150 «Қостанай облысы Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 150 «Қостанай облысы Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4583 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
мәслихат шешімінің орыс тіліндегі қосымшасындағы жолы, реттік нөмірі 1 жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жангелдин ауданының
Жаркөл ауылдық округінің
әкімі
___________ Ә. Қонысбаев
2017 жылғы 20 қазан