О внесении изменений в решение маслихата от 28 марта 2014 года № 153 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 153 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының  6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 153 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4676 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «6. Бөлек жиынды ашудың алдында Сорочин ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.»; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінің әкімі _____________ Ж. Сабырбаев «10» сәуір 2018 жыл
Басқа 3. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы «10» сәуірдегі № 154 шешіміне қосымша Сарыкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 153 шешіміне қосымша Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Сорочинка ауылының тұрғындары үшін 5 Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Мелитополь ауылының тұрғындары үшін 3 Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Островное ауылының тұрғындары үшін 5 Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Крыловка ауылының тұрғындары үшін 8