О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 161 "Об утверждении Правил предоставления адресной помощи индивидуальным потребителям" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10083 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамыздағы № 145 (28623) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, 2015 жылғы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2)осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрi ______________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы 6 шілде
Басқа 0. Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 294 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығымен бекітілген Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке-дара тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) – жаңартылатын энергия көздері пайдаланыла отырып, электр және жылу энергиясын өндіруге арналған технологиялық және қосалқы жабдық;
Тармақша 2
2) жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) – жеке-дара тұтынушылардың Қазақстанда өндірілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;
Тармақша 3
3) Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері – қазақстандық өндірушілер өндіретін және: Қазақстан Республикасында толық өндірілгендер ретінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын; Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағандар ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздері;
Тармақша 4
4) құрылымдық бөлімше – энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке-дара тұтынушы (бұдан әрі – жеке-дара тұтынушы) – электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Мемлекет жеке-дара тұтынушыларға осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін төленеді.
Тармақ 4
4. Атаулы көмек беру үшін тиісті аудан әкiмiнiң (бұдан әрі – ауданның ЖАО) шешiмiмен комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады. Комиссия құрамына комиссия төрағасы, энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін облыстың немесе ауданның өкілі, аумағында ЖЭК қондырғылары орналасқан ауылдық округ немесе ауыл әкімінің өкілі, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кіреді. Құрылымдық бөлімше комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру тәртiбi
2-тарау. Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру тәртiбi
Тармақ 5
5. Атаулы көмек алу үшін жеке-дара тұтынушылар ЖЭК қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін он төрт күнтізбелік күннен кешіктірмей құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы көмек алуға өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерi;
Тармақша 2-1
2-1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі;
Тармақша 3
3) сенімхат (жеке-дара тұтынушының құжаттарын басқа жеке тұлға ұсынған жағдайда) көшiрмесі;
Тармақша 4
4) жеке-дара тұтынушының өтініште көрсетілген Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының жеткізушісімен шарттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) еркін нысанда құрастырылатын өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын пайдалануға қабылдау туралы актi;
Тармақша 6
6) нөмірін көрсете отырып, екiншi деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымда жеке шотының бар екені туралы екі данада анықтама. Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиал, өкілдік) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
Тармақ 6
6. Құрылымдық бөлімше:
Тармақша 1
1) үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi және комиссияның қарауына енгiзедi.
Тармақша 2
2) ЖЭК қондырғыларының қондырғыларды пайдалануға қабылдау актілерінде көрсетілген қондырғылар параметрлеріне сәйкес келуін көзбен шолып тексеру мақсатында жеті жұмыс күнi iшiнде комиссия мүшелерiнiң елді мекендерге және (немесе) қоныстарға баруын ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Комиссия тексеріп қарау қорытындылары бойынша үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық қуаты 5 кВт аспайтын ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актiсiн (бұдан әрi – тексеріп қарау актiсi) жасайды. Тексеріп қарау актiсі жеке-дара тұтынушыға және комиссияға бір данадан екі данада жасалады.
Тармақ 8
8. Комиссия тексеріп қарау актiсiнiң және жеке-дара тұтынушы ұсынған құжаттар негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЭК қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) жасайды және оны құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
Тармақ 9
9. Комиссияның қорытындысына ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарауды және жеке-дара тұтынушыға тиесілі атаулы көмектің сомасын есептеуді жүргізген комиссия мүшелері қол қояды, аудан әкімі бекітеді, сондай-ақ ауданның ЖАО мөрімен куәландырады. Комиссияның қорытындысы үш данада жасалады: 1-ші, 2-ші даналар – ауданның ЖАО үшін; 3-ші дана – жеке-дара тұтынушы үшін.
Тармақ 10
10. Егер Комиссияның қорытындылары бойынша жеке-дара тұтынушыларға берілетін төлемдер сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың көлемiнен асып түсетін жағдайда, комиссияның қарауына бұрын түскен жеке-дара тұтынушылардың өтiнiмдерi басым тәртіппен қанағаттандырылады.
Тармақ 11
11. Құрылымдық бөлімше комиссия қорытындыларының негізінде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы көмек алатын жеке-дара тұтынушылардың тізімін қалыптастырады және аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады.
Тармақ 12
12. Ауданның ЖАО-сы жеке-дара тұтынушыға атаулы көмек беруді алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректемелерi көрсетілген өтiнiшiнің негiзiнде екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым арқылы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. ЖЭК қондырғыларын сатып алуға бөлінген атаулы көмек туралы ақпарат тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей, ауданның ЖАО интернет-ресурстарында жылына бір рет орналастырылады.
Басқа 1. Атаулы көмек алуға өтінім
Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 1-қосымша Нысан Атаулы көмек алуға өтінім «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің ___________________________________________________________________________________ (өтінім берушінің ТАӘ және (немесе) заңды тұлғаның атауы, өтінім берушінің ЖСН және (немесе) БСН, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері) Қазақстанда өндірілетін төменде көрсетілген,_______________________________________ _______________________________________________________________________мекенжайында (мекенжайды көрсету) орналасқан жиынтық қуаты 5 кВт-қа дейін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) сатып алуыма байланысты, маған атаулы көмек беруіңізді сұраймын: Р/с№ Қазақстанда өндірілетін ЖЭК қондырғысының атауы ЖЭК қондырғы сының қуаты, кВт ЖЭК қондыр ғысының құны, теңге Өтелетін болжамды сома, теңге ЖЭК қондыр ғысының пайдалану мерзімі (жыл) 1 2 3 4 5 6 Жиыны: Барлық берілген құжаттар мен ақпараттың шынайылығына кепілдік беремін. Атаулы көмек сомасын мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймын: Жеке-дара тұтынушының ЖСН немесе БСН:__________________________________________ _________________________________________________________________________________; Банктік шоттың немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының №: _________________________________________________________________________________; Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның атауы: _________________________________________________________________________________; Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның жеке коды: __________________________________________________________________________________ Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: (қоса берілетін құжаттардың тізімі) ТАӘ Қолы Күні
Басқа 2. Жеке-дара тұтынушыны электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын тексеріп қарау актісі
Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Жеке-дара тұтынушыны электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын тексеріп қарау актісі 20__жылғы «___»___________ №_______ __________________________________________________________________ мекенжайы бойынша (елді мекеннің және (немесе) қоныстың атауы) Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия төрағасы: ____________________________________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) комиссия мүшелері: ____________________________________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) ____________________________________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) ____________________________________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) бір тараптан және жеке-дара тұтынушы _________________________________________екінші (ТАӘ және (немесе) заңды тұлғаның атауы) тараптан мынадай жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларына (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) көзбен шолып тексеру жүргізілгені туралы осы актіні жасадық: Қазақстанда өндірілетін ЖЭК қондырғыларын жеткізушінің атауы:____________________ ____________________________________________________________________________________ ЖЭК қазақстандық өндірушінің атауы_______________________________________________ ЖЭК қондырғысының атауы__________________________________________________________ ЖЭК қондырғысының сәйкестендіру нөмірі ____________________қуаты ___________ кВт. Көзбен шолып тексеру барысында жоғарыда көрсетілген ЖЭК қондырғыларының шын мәнінде орнатылғаны, пайдалануға берілгені және жұмыс істейтіні белгіленді. Комиссия төрағасы: ___________________________________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) комиссия мүшелері: ___________________________________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) ___________________________________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) Жеке-дара тұтынушы: ___________________________________________________________________________________ (ТАӘ, қолы, мөрі)
Басқа 3. Жеке-дара тұтынушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытынды
Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 3-қосымша Нысан «Бекітемін» _________________________ (облыстың атауы) __________ауданының әкiмi _________________________ (ТАӘ, мөрі) Жеке-дара тұтынушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытынды № _______ ________ күні ______________________________________________________________________________ (жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының (бұдан әрі – ЖЭК қондырғылары) орналасқан жері, оның ішінде елді мекеннің және ______________________________________________________________________________ (немесе) қоныстың атауы) ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ (кім құрған, ауданның ЖАО атауы, күні, комиссия құрамы туралы ____________________________________________________________________ құрылған, шешімнің нөмірі) құрамында төраға: ____________________________________________________________ (ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны) және комиссия мүшелері: __________________________________________________________________________ бар (ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны) комиссия қаралған құжаттардың нәтижелері бойынша: ____________________________ (құжаттар тізбесі келтіріледі) ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ және ЖЭК қондырғысын тексеріп қарау нәтижелері бойынша жасалған комиссия актісінің негізінде___________________________________________________________ (қарап тексеру жүргізілген күн мен ______________________________________________________________________________ қондырғыны тексеріп қарау актісінен алынған қорытынды келтіріледі) мынадай қорытынды қабылдады: ______________________________________________________________________________ (атаулы көмекті төлеудің ұсыным берілетін сомасын көрсете отырып, ______________________________________________________________________________ комиссия қабылдаған қорытындының негіздемесі келтіріледі) Қорытындыға қосымша: 1) қаралған құжаттардың тізбесі 2) ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актісі 3) атаулы көмек төлемі сомасының есебі _____________________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: ___________________________ ______________________ (қолы) (ТАӘ) комиссия мүшелері: ___________________________ ______________________ (қолы) (ТАӘ) ___________________________ ______________________ (қолы) (ТАӘ)
Басқа 4. Атаулы көмек алатын жеке-дара тұтынушылардың тізімі (жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының 50 %-ын өтеу үшін)
Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 4-қосымша Нысан «Бекітемін» __________________________ (облыстың атауы) ___________ауданының әкiмi __________________________ (ТАӘ, мөрі) Атаулы көмек алатын жеке-дара тұтынушылардың тізімі (жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының 50 %-ын өтеу үшін) Жа­ңар­ты­ла­тын энер­гия көз­де­рін пай­да­ла­ну қон­дыр­ғы­ла­ры­ның ата­уы (бұ­дан әрі – ЖЭК қон­дыр­ғы­cы) ЖЭК қон­дыр­ғы­cы ор­на­лас­қан ел­ді ме­кен­нің және/ неме­се қо­ны­стың ата­уы Же­ке-да­ра тұ­ты­ну­шы­ның ТАӘ және (неме­се) заң­ды тұл­ға­ның ата­уы ЖЭК қон­дыр­ғы­сы­ның қу­а­ты, кВт ЖЭК қон­дыр­ғы­сы­ның құ­ны, тең­ге Бюд­жет­тік қа­ра­жат­тың ти­е­сі­лі со­ма­сы, тең­ге 20__ж. «___» _____ тө­ле­ну­ге ти­іс, тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 Жиыны: Төленетін сома __________(цифрлармен) _______________(жазбаша) теңге. __________________ауданының құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________________ (ТАӘ, қолы) Бас бухгалтер _______________________ (ТАӘ, қолы)