О внесении изменения в решение Денисовского районного маслихата от 28 февраля 2014 года № 18 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Аршалинского сельского округа Денисовского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 18 «Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 18 «Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4546 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің әкімі ___________________ Б. Досумов 2017 жыл «30» қараша
Басқа 3. Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2017 жылғы 30 қарашасындағы № 133 шешіміне қосымша Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 18 шешіміне қосымша Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің Аршалы ауылының тұрғындары үшін 35 Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің Георгиевка ауылының тұрғындары үшін 20 Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің Набережное ауылының тұрғындары үшін 15