О внесении изменения в решение маслихата от 28 марта 2014 года № 235 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Ломоносовского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 235 «Қостанай облысы Меңдіқара
ауданы Ломоносов ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 235 «Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4644 тіркелген, 2014 жылдың 15 мамырында «Меңдіқара үні» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ломоносов ауылдық округінің
әкімінің міндетін атқарушы
______________ Р. Шаяхметов
2017 жылғы «19» шілде
Басқа 3. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2017 жылғы 19 шілдедегі
№ 118 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 235 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Қасқат ауылының тұрғындарына
140
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Қарамай ауылының тұрғындарына
7
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Көктерек ауылының тұрғындарына
31
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Шиелі ауылының тұрғындарына
16