О внесении изменений в решение маслихата от 28 марта 2014 года № 237 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Первомайского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 237 «Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 28 наурыздағы № 237 шешіміне (2014 жылғы 15 мамырда «Меңдіқара үні» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4637 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырып өзгермейді:
«Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2020 жылғы 14 сәуірдегі
№ 364 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 237 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Первомайское ауылының тұрғындары үшін
187
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Долбушка ауылының тұрғындары үшін
29
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Ивановка ауылының тұрғындары үшін
18
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Лесное ауылының тұрғындары үшін
30
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Чернышевка ауылының тұрғындары үшін
20