О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 28 февраля 2014 года № 25 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Перелески Денисовского района Костанайской области" Күшін жойған
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 25 «Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 43-1 бабына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 25 «Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4553 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында:
6-тармақ мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«6. Бөлек жиынды ашудың алдында Перелески ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.»;
8-тармақ мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Перелески ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Денисов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Перелески ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы Денисов ауданы
Перелески ауылы әкімі
_____________________ Т. Гидзюк
«19» маусым 2015 жыл