Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Аягузского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 8/67-VI · қабылданған 23.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2014-no-25176-v-ekb-109639/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Аягузского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 8/67-VI ·23.12.2016
04.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Аягузского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 8/67-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Аягузского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25-176/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8/67-VI
Қабылданған күні
23.12.2016
Көрсетілген редакция
04.09.2020 109639_480790.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VF004827
ЭКБ идентификаторы
109639
Редакция идентификаторы
109639_480790
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:43

0 Аягөз аудандық мәслихатының

2014 жылғы 28 мамырдағы № 25-176/V
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы

28 мамырдағы № 25-176/V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бөлімінде 3381 нөмерімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 5 шілде 2014 жыл № 55 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

1 1) 1 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

8 «8) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Аягөз аудандық бөлімшесі»;

2 2) 9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

9 «9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына уәкілетті ұйымның дерек қорымен көрсетіледі:

1 1) Ауғаныстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист – жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезіндегі әскери қызметшілерге – 75 000 теңге;

2 2) Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 70 000 теңге;

3 3) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

«Алтын алқа» төс белгісімен, I мен II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға, «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға сондай-ақ, төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға - 12000 теңге;

4

4) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір - 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай – ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 75000 теңге;

5 5) Жеңіс күні – 9 мамыр:

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 80000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 10000 теңге;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 27000 теңге.»;

3 3) 11 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

6 «6) Онкологиялық ауруларға медициналық мекеменің ем қабылдап жатқандығы туралы анықтамасы арқылы комиссияның шешімі бойынша, өкпе ауруының ашық түріне шалдыққан тұлғалар үшін өкпе ауруына қарсы диспансердің тізімі бойынша табыс көзінің есебінсіз әр ауруға ай сайын – 12000 теңге жәрдемақы төленеді.

Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.».

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы