О внесении изменения в решение маслихата от 28 ноября 2014 года № 272 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5241 тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда «Меңдіқара үні» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________________ В. Гребенюк
2015 жылғы «20» наурыз
«Меңдіқара ауданының экономика
және бюджет жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________________ Г. Айсенова
2015 жылғы «20» наурыз