О внесении изменения в решение маслихата от 28 ноября 2014 года № 272 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мендыкаринском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 «Меңдіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 «Меңдіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5241 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 3 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бұйрығына айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.