О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 28 февраля 2014 года № 29 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тельманского сельского округа Денисовского района Костанайской области" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 29 «Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 43-1 бабына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 29 «Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4557 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында: 5, 6-тармақтары  мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «5. Тельман ауылдық округі ауылдардың шегінде бөлек жиынды өткізуді Тельман ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады. 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Тельман ауылдық округі ауылдардың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің әкімі ___________________ Н. Доспаев 2015 жыл «19» маусым