О внесении изменений в постановление акимата Амангельдинского района от 28 февраля 2014 года № 64 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Амангельдинского района" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы №64 «Амангелді ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы №64 «Амангелді ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4499 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда «Аманкелді арайы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында: «Шақпақ ауылы» 12 жолындағы: «Ауылдық кітапхана ғимараты жанындағы тақта» сөздері «Ауылдың орталық көшесіндегі тақта» сөздерімен ауыстырылсын; «Горняк ауылы» 16 жолындағы: «Ауылдық кітапхана ғимараты жанындағы тақта» сөздері «Ауылдың орталық көшесіндегі тақта» сөздерімен ауыстырылсын; «Жетібай ауылы» 22 жолындағы: «Медициналық пункт ғимараты жанындағы тақта» сөздері «Ауылдың орталық көшесіндегі тақта» сөздерімен ауыстырылсын; «Айтбай ауылы» 24 жолындағы: «Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Нарөлген жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жаныңдағы тақта» сөздері «Ауылдың орталық көшесіндегі тақта» сөздерімен ауыстырылсын; «Қосжан ауылы» 26 жолындағы: «Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің М.Томашин атындағы Чапай жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта» сөздері «Ауылдың орталық көшесіндегі тақта» сөздерімен ауыстырылсын; «Жаңатай ауылы» 30 жолындағы: «Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің М.Әуезов атындағы Жанатай жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта» сөздері «Ауылдың орталық көшесіндегі тақта» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Амангелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы ______________А.Ибраева