О внесении изменений в постановление акимата от 28 февраля 2014 года № 64 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Амангельдинского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 «Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Амангелді ауданы әкімдігінің «Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында: реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын: « 1 Амангелді ауылы А.Байтұрсынов және Дүйсенбин көшелерінің қиылысында орналасқан тақта Абай Құнанбаев және М.Мәметова көшелерінің қиылысында орналасқан тақта »; реттік нөмірі 29-жол жаңа редакцияда жазылсын: « 29 Қабырға ауылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жұматай Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта ».
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.