О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 28 апреля 2015 года № 105 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг» Күшін жойған
Басқа 0
«Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді
ұсыну қағидаларын бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 каңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының
10-3-бабы 2-тармағының 4-6) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3981 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда, 2015 жылғы 15 маусымдағы № 67 «Дидар» (17156) және 2015 жылғы 13 маусымдағы № 68 «Рудный Алтай» (19667) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларының:
16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Егер тұтынушы тұтынылған энергияға төлем жасамағаны үшін белгіленген тәртіппен ажыратылатын болса, онда оны қайта қосу қарыз өтелгеннен кейін жүргізіледі. Бірнеше рет ажырату кезінде (бір реттен көп) оны қосу қарызын өтегеннен кейін және қосқаны үшін төлем жасағаннан кейін жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялау үшін Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
Тармақша 4
4) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.