О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде: реттік нөмірі 171-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 171. То­пы­рақ­та­ғы ар­найы жұ­мыстар 43123 рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік / ком­му­нал­дық мен­шік 1) «Ем­бi­мұ­най­газ» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы; 2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ре­сур­ста­ры және ир­ри­га­ция ми­ни­стр­лі­гі «Қаз­су­шар» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы үне­мі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ре­сур­ста­ры және ир­ри­га­ция ми­ни­стр­лі­гі «Қаз­су­шар» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны­на қа­ты­сты 2028 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 187-1-жолмен толықтырылсын: « 187-1. Ба­лық және ба­лық өнім­де­рі­нің кө­тер­ме са­уда­сы 46381 рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік / ком­му­нал­дық мен­шік Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ре­сур­ста­ры және ир­ри­га­ция ми­ни­стр­лі­гі «Қаз­су­шар» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны Қа­ра­ған­ды және Пав­ло­дар об­лы­ста­ры 2028 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.