О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами» Қолданыста
Басқа 0
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
18-қосымшада:
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
16.
Ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қаладағы жұмысы үшін жоғарылату
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қалалық елді мекенде орналасқан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға елді мекеннің санаты қайта құрылған күннен бастап үш жыл бойы жоғарылатылған айлықақы (тарифтік мөлшерлемелер) белгіленеді
25 %-дан кем емес
».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2026 жылғы 10 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2027 жылғы 9 қаңтар аралығына дейін қолданыста болады.