О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде: реттік нөмірі 390-жолда: 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: «1) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары; 2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»; 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «үнемі, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты – 5 жыл»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 391-1-жолмен толықтырылсын: « 391-1 Кө­лік құ­ра­лын жүр­гі­зу­ші­лер­ді да­яр­лау мек­те­бі­нің қыз­ме­ті 85530 рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік/ ком­му­нал­дық мен­шік «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық мек­те­бі» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы үне­мі, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық мек­те­бі» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны­на қа­ты­сты – 5 жыл »; реттік нөмірі 393-жолда: 5-бағанның 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «39) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «үнемі, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты – 5 жыл»; реттік нөмірі 408-жолда: 5-баған мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»; 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «үнемі, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты – 5 жыл».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.