О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде: реттік нөмірі 270-жолда: 5-баған мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын: «34) «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы»; 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты – 2030 жылғы 24 қазанға дейін, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына – 3 жыл, «Qazcontent» акционерлік қоғамына – 3 жыл, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 2029 жылғы 30 сәуірге дейін, «Казимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 5 жыл, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына – 3 жыл, «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамына – 3 жыл»; реттік нөмірі 279-жолда: 5-баған мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын: «31) «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы»; 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «үнемі, «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына – 3 жыл, «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 2030 жылғы 11 тамызға дейін, «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамына – 3 жыл»; реттік нөмірі 291-жолда: 5-бағандағы 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (шағын өнеркәсіп аймақтарына және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына инвестициялық мақсаттарға және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға кредит беру (кіші саланы көрсетпей);»; 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы, «Қалалық қызметтер орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Астана қаласы, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – Түркістан облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – Маңғыстау облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамына – Жетісу облысы, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге айналым қаражатын толықтыруға (кіші саланы көрсетпей) кредит беру және туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – Қызылорда облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – Астана қаласы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – Павлодар облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – Абай облысы, «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына инвестициялық мақсаттарға және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға кредит беру (кіші саланы көрсетпей)» бағыты бойынша Абай облысындағы «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Ақмола облысындағы «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Алматы облысындағы «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Атырау облысындағы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Жамбыл облысындағы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Батыс Қазақстан облысындағы «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Қостанай облысындағы «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Қызылорда облысындағы «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Маңғыстау облысындағы «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Павлодар облысындағы «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Түркістан облысындағы «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Ұлытау облысындағы «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Шымкент қаласындағы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қатысты»; 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «үнемі, «Қалалық қызметтер орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2027 жылға дейін, Маңғыстау облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Жетісу облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге айналым қаражатын толықтыруға (кіші саланы көрсетпей) кредит беру және туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Астана қаласында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Павлодар облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Абай облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – 2029 жылғы 21 қаңтарға дейін, «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына инвестициялық мақсаттарға және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға кредит беру (кіші саланы көрсетпей)» бағыты бойынша Абай облысындағы «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Ақмола облысындағы «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Алматы облысындағы «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Атырау облысындағы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Жамбыл облысындағы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Батыс Қазақстан облысындағы «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Қостанай облысындағы «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Қызылорда облысындағы «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Маңғыстау облысындағы «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Павлодар облысындағы «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Түркістан облысындағы «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Ұлытау облысындағы «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына, Шымкент қаласы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қатысты 3 жылға арналған мерзіммен (2026 – 2029 жылдар)»; реттік нөмірі 301-жолда: 5-баған мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын: «39) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы»; 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «үнемі, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамына қатысты – 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін, «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, «Qazcontent» акционерлік қоғамына – 3 жыл, «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына – 2030 жылғы 17 қазанға дейін, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына – 3 жылға арналған мерзіммен (2026 – 2029 жылдар)»; реттік нөмірі 311-жолда: 5-баған мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы»; 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «үнемі, «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қатысты – 2030 жылғы 17 қазанға дейін, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына – 3 жылға арналған мерзіммен (2026 – 2029 жылдар)».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.