О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде: реттік нөмірі 344-1-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 344-1. Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу 73200 республикалық меншік «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы 2029 жылғы 1 шілдеге дейін »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 344-2-жолмен толықтырылсын: « 344-2. Ауыз­ша және жа­з­ба­ша аудар­ма қыз­ме­ті 74300 рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің «Ди­пло­ма­ти­я­лық сер­вис» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы үне­мі ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.