О внесении изменений в совместные приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 15-05/1135 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 821 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области защиты растений» и Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 15-05/1138 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 819 «Об утверждении п Қолданыста
Басқа 0
«Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 және «Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12744 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың өсімдіктерді қорғау саласында осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.».
Тармақ 2
2. «Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12740 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың өсімдіктер карантині саласындағы осындай бақылау және қадағалау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі