О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2015 года № 160 «Об утверждении минимальных нормативов обеспеченности населения торговой площадью» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы № 160 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10647 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі 2023 жылғы 9 наурыздағы № 100-НҚ Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығымен бекітілген Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері № р/с Өңір 1 мың адамға шаршы метр 1 Абай облысы 621 2 Ақмола облысы 706 3 Ақтөбе облысы 453 4 Алматы қаласы 545 5 Алматы облысы 220 6 Астана қаласы 722 7 Атырау облысы 745 8 Батыс Қазақстан облысы 705 9 Жамбыл облысы 445 10 Жетісу облысы 201 11 Қарағанды облысы 454 12 Қостанай облысы 762 13 Қызылорда облысы 542 14 Маңғыстау облысы 723 15 Павлодар облысы 674 16 Солтүстік Қазақстан облысы 770 17 Түркістан облысы 474 18 Ұлытау облысы 750,3 19 Шығыс Қазақстан облысы 521 20 Шымкент қаласы 474 21 Қазақстан Республикасы 621