О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2015 года № 163 «Об утверждении Правил пользования системами водоснабжения и водоотведения населенных пунктов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10658 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Жаңадан салынған сумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізілген сумен жабдықтау жүйелерін шаю және дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін пайдалануға жол беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің сумен жабдықтау жүйесінен құрылыс объектісінің сумен жабдықтау желісін ауызсумен жуу және дезинфекциялау кезінде пайдаланылған судың көлемі көрсетілетін қызметті берушінің келісімі бойынша құрылыс салушы белгілейтін ауызсуды есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Есепке алу аспаптарының түрін, сондай-ақ техникалық және метрологиялық сипаттамаларын көрсетілетін қызметті берушімен келісу қажет. Ауызсуды есепке алу аспабы болмаған кезде пайдаланылған судың көлемі су құбырларының гидравликалық есебіне сәйкес жуылатын құбырды толық толтырған кезде және ондағы су қозғалысының жылдамдығы кемінде 1 м/сек болғанда айқындалады. Құбырлар мен сыйымдылық құрылыстарын дезинфекциялау, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын жуу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 539 бұйрығымен бекітілген Ауызсу мен тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі