О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2015 года № 178 «Об утверждении Правил резервирования земель» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларында: 3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі – жүргізу тәртібі Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;»; 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) мемлекеттік жер кадастры – Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, санитариялық қорғау аймақтары, жер пайдаланудың есепке алынуы және жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға резервте қалдырылатын жер учаскелері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінен олардың орналасқан жерінің ахуалдық схемасын ұсынады.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Жергілікті атқарушы органның жерді резервке қою туралы шешімінің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесіне енгізу үшін жіберіледі.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Жерлерді резервке қою жөніндегі іс-қимылды тоқтату туралы шешімнің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінен резервке қойылған жерлер туралы мәліметтерді 3 (үш) жұмыс күні ішінде алып тастау үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап соң қолданысқа енгізілетін алтыншы абзацты қоспағанда, 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.