О внесении изменения в решение Жылыойского районного маслихата «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жылыойском районе» от 28 октября 2015 года № 33-2 Күшін жойған
Басқа 0
«Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3352 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.