О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 495 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере туризма"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 495 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере туризма"
- Атауы (қаз.)
- "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1112
- Қабылданған күні
- 26.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2020 97941_467438.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012865
- ЭКБ идентификаторы
- 97941
- Редакция идентификаторы
- 97941_467438
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:26
0 «Туризм саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтердің стандарттарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму Министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 24 шілдесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықтың «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына» 1 – қосымшада:
11 – тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде немесе ХҚКО-да оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.»;
14 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары интернет-ресурстарда:
Министрлік: mid.gov.kz;
ХҚКО: www.con.gov.kz;
көрсетілетін қызметті берушінің: көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған»;
көрсетілген бұйрықтың «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына» 2 - қосымшада:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)»;
3 – тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді»;
6 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.»;
10- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.»;
10- тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі»;
қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік еткен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 10 желтоқсан
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112
бұйрығына қосымша
«Туристік ақпаратты, оның ішінде
туристік әлеует, туризм объектілері мен
туристік қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
Нысан
__________________________________________
(көрсетілген қызметті берушінің атауы)
__________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует,
туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы ақпаратты беруге өтініш
Сізден туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен
туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беруді сұраймын.
Электрондық поштасы___________________________________________________
Телефондары __________________________________________________________
Факс__________________________________________________________________
Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы _________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді
______________________________________________________________________
мекен көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық мекеменің нөмірі)
Осымен барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және
оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны (мөр болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20 ____ жылғы «___» _________