О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 597 «О некоторых вопросах Государственной молодежной премии «Дарын» и от 8 июля 2021 года № 469 «Об учреждении гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 597 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау туралы» 2021 жылғы 8 шiлдедегi № 469 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 2
2) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шiлдедегi № 469 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
«7) үміткер –конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген, конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.