О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 692 «Об утверждении Правил использования веб-портала государственных закупок и Правил работы веб-портала государственных закупок в случае возникновения технических сбоев работы веб-портала государственных закупок» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12671 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары; 2) Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларында: 9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасына сәйкес шарттар жасаған жағдайда мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктерін және (немесе) мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдарды;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Мемлекеттік сатып алу веб-порталының туындаған техникалық іркілістері туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 843 бұйрығына қосымша Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларына қосымша Мемлекеттік сатып алу веб-порталының туындаған техникалық іркілістері туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналы р/б № Жү­гін­ген ұй­ым­ның ата­уы БСН, ЖСН Өті­ніш кү­ні мен уа­қы­ты Пай­да­ла­ну­шы жү­гін­ген бай­ла­ныс де­ректе­рі Тех­ни­ка­лық ір­кі­лі­стің си­патта­ма­сы Өті­нім қа­был­да­ған ма­ман­ның Т.А.Ә. (болған кез­де) Рас­тал­ды/рас­тал­ма­ды Кестенің жалғасы Рас­та­удың/рас­та­маудың кү­ні мен уа­қы­ты Қа­был­дан­ған ше­шім Опе­ра­тор қа­был­да­ған ша­ра­лар Тех­ни­ка­лық ір­кі­лі­сті жою кү­ні мен уа­қы­ты Тех­ни­ка­лық ір­кі­лі­стің туын­дау се­беп­те­рі Күр­де­лі­лік дең­гейі Тех­ни­ка­лық ір­кі­лі­стің тү­рі Бұ­дан бы­лай тех­ни­ка­лық ір­кі­ліс­ке жол бер­меу жө­нін­де­гі ұсы­ным­дар Техникалық әкімшілендіру бөлімінің жауапты тұлғасы (қолы) Т.А.Ә. (болған кезде) Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; р/б – реті бойынша; Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.