О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 694 «Об утверждении Правил формирования и ведения реестров в сфере государственных закупок» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12618 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: ««Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар): 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «16. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартта, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші не уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге жібереді. Осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шартта, жиынтығында мынадай шарттарды қанағаттандыратын: 1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуі; 2) шарттық міндеттемелерді толық орындау; 3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы жағдайларын қоспағанда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын өнім берушінің бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы. 17. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес және (немесе) дәйексіз (дұрыс емес) мәліметтер ұсыну шартында, уәкілетті орган веб-портал арқылы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күн ішінде қайта беру қажеттігі туралы хабарламаны 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жібереді.»; 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «31. Тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушіні веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы келісу комиссиясының шешімін ұсынуы шартында, уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы шешім шығарады. Бұл ретте, уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы шешімі веб-портал арқылы автоматты режимде шығарылады.»; Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 6-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 601 Бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 5-қосымша нысан Уәкі­лет­ті ор­ган­ның жал­пы блан­кі­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ел­таң­ба­сы БҰЙ­РЫҚ ПРИ­КАЗ Қа­зақ ті­лін­де шы­ға­ры­л­ған же­рі Орыс ті­лін­де шы­ға­ры­л­ған же­рі Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12 және 44-баптарына сәйкес мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша: Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі: Сатып алу тәсілі: Тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген күні: күні/айы/жылы Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілген күн: күні/айы/жылы Заңда белгіленген өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы үшін мерзімнің аяқталатын күні: күні/айы/жылы Не: Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді не Заңның 26-бабында көрсетілген соманы енгізу мерзімінің аяқталатын күні: күні/айы/жылы Тапсырыс беруші: Атауы: БСН: Мекенжайы: Телефоны: БҰЙЫРАМЫН: 1. Заңның 44-бабының 1-тармағына сәйкес: Заңда белгіленген мерзімде ______ тәсілмен өткізілген № ____сатып алу бойынша № ______ мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймауына/ не: мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді немесе ______ тәсілмен өткізілген күні/айы/жылғы _____ лот бойынша Заңның 26-бабында көрсетілген соманы енгізбеуге байланысты _________ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарды деп танылсын. 2. Заңның 12-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын. 3. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін: Атауы/Т.А.Ә. (болған жағдайда): БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері: Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда): Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері: Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/ Т.А.Ә. (болған жағдайда): Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН-і, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері: Мекенжайы: Телефоны: 4. Тізілімде болу мерзімі бұйрық бекітілген күннен бастап 24 ай болып белгіленсін. 5. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Уәкілетті адам Т.А.Ә. (болған жағдайда) (электрондық цифрлық қолтаңба) Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі; Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
Басқа 2. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 601 Бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 6-қосымша нысан Уәкі­лет­ті ор­ган­ның жал­пы блан­кі­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ел­таң­ба­сы БҰЙ­РЫҚ ПРИ­КАЗ Қа­зақ ті­лін­де шы­ға­ры­л­ған же­рі Орыс ті­лін­де шы­ға­ры­л­ған же­рі Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, «Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау туралы» ______ № ____ өтінішті келісу комиссиясының қарау қорытындысы бойынша БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы» ______ жылғы «___» _____№ ______ «Уәкілетті органның атауы» бұйрығының күші жойылсын. 2. Заңның 12-бабы 6-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталсын: Ата­уы/Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да): БСН/ЖСН, бей­ре­зи­дент өнім бе­ру­ші­лер үшін тір­кеу де­ректе­рі: Бас­шы­ның Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да): Бас­шы­ның ЖСН, бей­ре­зи­дент өнім бе­ру­ші­лер үшін бас­шы­ның тір­кеу де­ректе­рі: Құ­ры­л­тай­шы­ның (құ­ры­л­тай­шы­лар­дың) ата­уы/Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да): Құ­ры­л­тай­шы­ның (құ­ры­л­тай­шы­лар­дың) БСН/ЖСН-і, бей­ре­зи­дент өнім бе­ру­ші­лер үшін құ­ры­л­тай­шы­лар­дың тір­кеу де­ректе­рі: Ме­кен­жайы: Те­ле­фо­ны: 3. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Уәкілетті адам Т.А.Ә. (болған жағдайда) (электрондық цифрлық қолтаңба) Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі; Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).