О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 28 октября 2015 года №33-2 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жылыойском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы
28 қазандағы №33-2 «Жылыой
ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы №33-2 «Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3352 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Кең Жылой» газетінде жарияланған) шешіммен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) 3 тармағындағы орыс тіліндегі мәтінінде «услуг» сөзінен кейін «и услуг связи» сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 5 тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылып, мемлекеттік тілдегі мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жылыой ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі».
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Сұлтанов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.