О внесении изменений в решение районного маслихата от 28 октября 2015 года №33-2 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жылыойском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы
28 қазандағы №33-2 «Жылыой
ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсетудің қағидасын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы №33-2 «Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3352 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Кең Жылой» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
4 тармақта «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Жылыой аудандық бөлімі» деген сөздер ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа кызмет көрсету орталығы» департаментінің Жылыой аудандық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
5 тармақтың 3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінінде «Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.» деген абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.