О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 119 «Об утверждении Правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов» Қолданыста
Басқа 0
«Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібінде:
2-тармақта:
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) санкцияланбаған трафик (фрод) – трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара іс-қимылының белгіленген қағидаларын бұза отырып өткізілетін трафик, оның ішінде шақырушы абоненттің нөмірін ауыстыра отырып өткізілетін трафик»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қосу нәтижесінде құрылған желілердің техникалық құралдары бойынша жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон трафигін, деректерді беру трафигін (оның ішінде IP-телефония операторларының трафигін), ұялы байланыс желілерінен/желілеріне трафикті өткізу тек қосылатын және қосылып отырған операторлар арасында жасалған шарттар негізінде рұқсат етіледі.
Байланыс операторларына, телекоммуникация желілерінің иелеріне телекоммуникациялар желісінде жергілікті, қалааралық, халықаралық және ұялы байланыс желілерінде санкцияланбаған трафикті (фродты) өткізуге тыйым салынады.»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Абоненттің нөмірі (А нөмірі) айырбасталған трафикті қоса алғанда, санкцияланбаған трафик (фрод) өткізілген жағдайда трафикті қабылдайтын байланыс операторы, телекоммуникация желілерінің иелері бір тәулік ішінде осы трафикті жіберген байланыс операторын хабардар етеді. Желісінен санкцияланбаған трафиктің (фродтың) өткізілгені туралы хабарламаны алған байланыс операторы үш күнтізбелік күн ішінде себебін анықтап, осындай трафикті жоюға шаралар қабылдау керек.
Санкцияланбаған трафикті (фродты) өткізіп жіберуді жоймаған жағдайда, байланыс операторы, өз желісіне осындай трафикті қабылдайтын телекоммуникация желілерінің иелері сот органдарына жүгінеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрілігі Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті