О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 28 апреля 2016 года № 148 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере автомобильного транспорта» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 148 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3105 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде облыс әкімі аппаратына осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын;
Тармақша 5
5) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ. Әбдірайымовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.